Египетте маршруттық такси мен жүк көлігі соқтығысып, 18 адам мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Египеттің солтүстігіндегі Гиза провинциясында сенбі күні жол апаты болып, 18 адам қаза тапты, оның бесеуі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат Akhbar el-Youm порталына сілтеме жасап.

Портал мәліметі бойынша, Гиза провинциясы Атфих қаласындағы тасжолда маршруттық такси жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккен бес адам оқиға орнына жақын жердегі Бани-Суэйф қаласының ауруханасына жеткізілді.

Египеттің орталық статистикалық бюросының есептеуінше, 2019 жылы елдегі жол апатының 80%-ға жуығына адам факторы себеп болған, ал мұндай келеңсіз жағдайдан 3500-ге жуық тұрғын қаза тапты.


Фото: Reuters

Соңғы жаңалықтар