«Егілмеген жоғары сынып оқушылары мектепке жіберілмейді» - фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Telegram мессенджерінде Қарағанды мектептерінің бірінде вакцина алмаған жоғары сынып оқушылары мектепке жіберілмейтіні туралы ақпарат тарады. Қарағанды облысының Білім басқармасы мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін Қарағандыдағы гимназиялардың бірінде вакцина алмаған оқушылар мектепке кіргізілмейтіні туралы хабарландыру таратты. Олар (соңғы сыныптар) мектепте де, қашықтан да емтихандарға консультациялар ала алмайтыны тіпте ашу тудырады. Балалардың құқығы неліктен бұзылып отыр? Бұл үшін кім жауапты?», - делінген интернетте тараған хабарламада.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде және егілушінің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 77-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының профилактикалық вакцина алудан бас тартуға құқығы бар. Вакцинация жүргізу алдында егілушіге міндетті түрде тексеру жүргізіледі. Медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда вакцинация сауыққанға дейін кейінге қалдырылады», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар