Эгей теңізіндегі жер сілкінісі: Кос аралында құрбан болғандар бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Эгей теңізінде болған жер сілкінісі салдарынан Грекияның Кос курорт-аралында кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.

Бұрын мәлім блғандай, жергілікті уақытпен 1:31-де Түркияның жағалауында 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болып, оның салдары шағын цунамиге соқтырды.

Зілзала ошағы Түркияның Мугла провинциясындағы Бодрум курортты-қаласынан - 10, Кос аралынан 16 шақырым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Сағат 2:23-те 4,7 магнитудалы афтершок тіркелген. Ал екінші рет қайталанған зілзаланың эпицентрі Кос аралынан 9 шақырымда болған. 

Соңғы жаңалықтар