ЕЭАО аясындағы ынтымақтастық әлеуетін кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет - Тоқаев

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың барлық әлеуетін кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет. Бұл туралы Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің кездесуіміз саяси және экономикалық құбылмалық артқан ерекше жағдайда өтіп жатыр. Пандемиямен және геосаяси шиеленістің артуымен байланысты жаһандық күйзеліс жаңа нақтылыққа алып келді. Жаһанданудың орнына барлық құндылығымен және табиғи кемшіліктерімен аймақтандыру дәуірі келді. Қалай болғанда да дәстүрлі экономикалық модельдер мен сауда бағдарларының қайта форматталу процесі жеделдей түсті. Әлем қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Өкінішке орай, көп жағдайда жақсы жағына қарай емес. Көптеген елдегі инфляция ондаған жылдық рекордқа жетіп, әлемдік экономика өсімінің қарқыны баяулауда. Инвестиция мен ресурстарға бәсекелестік өткірлене түсті», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, экономикалық өсімнің тежеуші факторы климаттың өзгеруі, миграциялық ағынның артуы, технологиялық өзгерістердің жеделдеуі болып тұр. Бұл процестердің бәрі назарымыздан тысқары өтіп жатқан жоқ. Жаңа шындық жағдайында әлемдік тәртіптің қарқынды өзгеріп жатқан құрылымын қаперде ұстаған жөн.

«Біздің өңірдің елдері осы қатерлердің бәріне дұрыс жауап тауып қоймай одан барынша пайда көру маңызды. Сондықтан бізге Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың барлық әлеуетін кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет. Еуарзиялық интеграцияны қытайлық «бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасымен түйіндестіру өзекті міндет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар