ЕАЭО тауардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін тетіктер ұсынуы қажет - ҚР Президенті
«Өзара тауар айналымы көлемінің сақталып, арта түсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оның номенклатурасы мен балансының әртараптандырылуын қамтамасыз ету маңызды. Індет кезінде туындаған барлық шектеулер мен кедергілерді кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қажет. Біздің денсаулық сақтау, санитарлық-ветеринарлық және бақылаудың басқа да салаларындағы ведомстволарымыз дағдарыстан сабақ алып, бір жағынан азаматтарымыздың қауіпсіздігін, екінші жағынан тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылдың лайықты тетіктерін ұсынуы тиіс», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы індетпен күрес мәселесінде, одан кейін шектеулерді алып тастау кезінде көлік билігінің, санитарлық қызметтердің, шекаралық ведомстволардың үйлесімді жұмысы да маңызды екенін баса айтты.