ЕАЭО: Ортақ газ нарығын құрудың екінші кезеңіне өту шешімі қабылданды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ елдері Мемлекет басшыларының отырысында ортақ газ нарығын қалыптастырудың екінші кезеңіне өту шешімі қабылданды. Бұл туралы брифинг барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Екінші кезең – бұл нарықты қалыптастырудың инфрақұрылымдық, технологиялық және құқықтық негізін құру. Бұл кезеңді іске асырудың негізгі нәтижелерінің бірі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық келісім болмақ», - деді Ия Малкина.

Оның айтуынша, құжаттың негізгі бөлігі келесі аспектілерден тұратын болады:

- ортақ газ нарығының қызметі және оны реттеу принципі;

- үшінші елдерден және үшінші елдерге газды тасымалдау және жеткізу кезінде Одақ елдерінің өзара әрекеттесу тәртібі;

- газкөліктік жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету принципі;

- Одақтың ортақ газ нарығында бағаны түзу және тарифтік саясатты қалыптастыру принципі және тағы басқалары.

«Келісімді әзірлеу 2021 жылы аяқталатынына үміттенеміз. Мемлекеттер басшылары бірінші кезең іс-шараларын таяу уақытта аяқтауды тапсырды. Атап айтқанда, бұл - Одақ елдері аумағында орналасқан газкөліктік жүйелерге қолжетімділіктің бірыңғай ережесі туралы құжатты пысықтауға қатысты. Комиссия бірінші кезең құжаттарының жобасын алдағы таяу уақытта жоба әзірлеушілерінен күтетін болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар