ЕАЭО-ның үшінші елдермен ынтымақтастығы маңызды бола түсуде – Президент
«Пандемия салдарының біртіндеп түзелуін ескере отырып, үшінші елдермен және одақтармен ынтымақтастық барынша маңызды болып келеді. Дегенмен, Израиль, Мысыр, Үндістанмен еркін сауда-саттық туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздер шамамен 5-6 жыл бойы жалғасып келеді. Ал Моңғолия мен Индонезия нарықтары 2 жылдан астам уақыт бойы зерделенуде», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.
Осы ретте ҚР Президенті комиссия келіссөздер процесін жеделдетіп, өзге елдермен сауда-саттық ытымақтастығы бойынша ұсынымдар әзірлей алатындығын атап өтті.
«Бұл жұмыстың кейбір баяулауы пандемиямен байланысты болғаны түсінікті. Бірақ, осынау күрделі жағдайдан біртіндеп шыға отырып, келіссөздер процесін жеделдетуге болар еді»,- деді Мемлекет басшысы.