ЕАЭО-ның үшінші елдермен ынтымақтастығы маңызды бола түсуде – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен ынтымақтастығы маңызды бола түсуде. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия салдарының біртіндеп түзелуін ескере отырып, үшінші елдермен және одақтармен ынтымақтастық барынша маңызды болып келеді. Дегенмен, Израиль, Мысыр, Үндістанмен еркін сауда-саттық туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздер шамамен 5-6 жыл бойы жалғасып келеді. Ал Моңғолия мен Индонезия нарықтары 2 жылдан астам уақыт бойы зерделенуде», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

Осы ретте ҚР Президенті комиссия келіссөздер процесін жеделдетіп, өзге елдермен сауда-саттық ытымақтастығы бойынша ұсынымдар әзірлей алатындығын атап өтті.

«Бұл жұмыстың кейбір баяулауы пандемиямен байланысты болғаны түсінікті. Бірақ, осынау күрделі жағдайдан біртіндеп шыға отырып, келіссөздер процесін жеделдетуге болар еді»,- деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар