ЕАЭО-ның кіріктірілген ақпараттық жүйесін іске қосуды жандандыру қажет - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың кіріктірілген ақпараттық жүйесін іске қосу жұмысын жандандыру қажет. Бұл туралы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы онлайн отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Одақтың кіріктірілген ақпараттық жүйесін іске қосу бойынша жұмысты айтарлықтай жандандыру қажет. Жүйе мәліметтер мен электрондық құжаттарды мемлекетаралық алмасуды, ортақ ақпараттық ресурстарды құруды қамтамасыз етуге арналған», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, 2015 жылдан бері орталыққа 88 процестің тек 19-ы немесе 21 пайызы ғана енгізіліп отыр.

«Цифрландыру - елдеріміздің мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылының басты аспектісі, бизнес-процестерді жеңілдетуге, өзара тауар айналымын арттыруға, бизнеске әкімшілік жүктемелерді төмендетуге септігін тигізеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар