ЕАЭО-ның даму стратегиясының сапалы әрі жедел орындалуы маңызды - Президент
«Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Қазақстанның төрағалық етуіне байланысты менің Жолдауымда біздің интеграцияны дамытудың 5 басымдығы айқындалған. Олар экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттерімен тығыз байланысты және бүгінгі талапқа жауап береді. Біз одағымыздың тарихындағы ең бірінші стратегиялық құжатты жүзеге асыруды бастадық»,- деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы аталған стратегия қысқа мерзімді келешекте экономиканың барлық салаларындағы және халықаралық ынтымақтастықтағы интеграция мен өзара іс-қимылдың басымдықтарын айқындап бергенін баса айтты.
«Сондықтан одақты дамыту стратегиясын сапалы әрі жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл, әрине, біздің өзімізге байланысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.