ЕАЭО мен Қытай кедендік қызмет арасындағы ақпарат алмасу ұстанымдарын келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) кедендік қызметтері арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісімді іске асыру бойынша басты тұстарын Мәскеудедегі келіссөздердің 4-ші раундында мақұлдасты. Бұл туралы ЕАЭС келіссөздер тобын басқаратын Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден инфрақұрылымы департаментінің директоры Бақтыбек Байсеркеев мәлім етті, деп хабарлайды комиссия баспасөз қызметі.

Бақтыбек Байсеркеевтың айтуынша, қорытынды хаттамада қатысушылардың 2017 жылдың соңына қарай Келісім жобасын мақұлдайтыны бекітілген. Қытай Халық Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ елдері осындай үлгідегі келіссөзді жасап жатқан алғашқы сауда серіктесі болып табылады.

Келісімнің алдыңғы раундтарында көрсетілгендей, Қытай Халық Республикасының басты кеден басқармасы келісімге қол қойғасын Қытайдан ЕАЭО елдеріне жеткізілетін тауарлар туралы ақпараттарды қатысушы елдердің кеден органдарына хабарлап отыратын болады.

Өз кезегінде, ЕАЭО елдері Қытайға жіберілетін тауарлар туралы ақпаратты ҚХР кеден органына мәлімдейді. Сондай-ақ, тараптар транзиттік тауарларды қайсібір елдің аумағы арқылы тасымалдайтын болса, сол туралы үшінші елге ақпарат жіберіп отыратын болады.

Еске сала кетейік, ЕАЭО мен ҚХР арасындағы тауарлар туралы ақпаратқа байланысты келісімдер Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің 2014 жылы 29 мамырдағы №66 шешіміне сәйкес басталған.  Кеңестің делегациясы мен құрамы ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №101 шешімімен бекітілген. 

Соңғы жаңалықтар