ЕАЭО мен «Бір белдеу, бір жол» жобасының мүмкіндіктерін барынша пайдалану керек – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің халықаралық аренадағы экономикалық мүддесін белсенді түрде ілгерілетіп, ұлттық мүддені қорғауда сындарлы ұстаным мен кәсіби біліктілік таныту керек. Қазақстанның игілігі үшін Еуразия экономикалық одағының және «Бір белдеу, бір жол» жобасының зор мүмкіндіктерін барынша пайдаланған жөн», - деп атап өтті Президент.

Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкімет үшін басымдыққа ие болып отыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тиімді пайдаланған жөн. Қаржы орталығы тікелей және портфельді инвестициялар тартуда негізгі құралына айналуы тиіс.

«Түйіндей айтарым, ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана, өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте сақтауымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар