ЕАЭО мемлекеттеріндегі еңбеккерлерді зейнетақымен қамту келісіміне қол қойылды

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – Санкт-Петербургте Жоғары еурзиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысының қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстың түрлі бағыты бойынша бірқатар келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Мемлекет басшылары ЖЕЭК отырысы барысында еуразиялық интеграцияны дамыту, жалпы еңбек нарығы, қызметтердің бірыңғай нарығы, ЕАЭО ішкі нарығының жұмыс істеуі, бәсекелестік, энергетика және басқа да мәселелерді талқылап, бірқатар маңызды шешім қабылдады.

Атап айтқанда, ЕАЭО ұйымына мүше мемлекеттерде жұмыс істейтіндерді зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды. Оған сәйкес, ЕАЭО аумағында еңбек етушілер тек өз Отанында жұмыс істеген кезеңдері үшін ғана емес, одақтың басқа мемлекеттерінде жұмыс істеген уақыттары үшін зейнетақы алатын болады. Зейнетақыны өзі тұратын мемлекетке экспорттау үшін жұмысшы басқа мемлекетте кемінде бір жыл жұмыс істеуі керек.

Нарымбек Ысмағұлов

Соңғы жаңалықтар