ЕАЭО интеграциясы ұлттық құқықтық жүйелердің ерекшелігін ескеруі керек - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО интеграциясы ұлттық құқықтық жүйелердің ерекшелігін ескеруі керек. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Стратегияда ұсынылған заңнаманың «үйлестіруге және біріздендіруге» қатысты құқықтық жауапкершілік орнату бөліміндегі әкімшілік және қылмыстық, кеден ісі, техникалық реттеу, тұтынушылардың құқығын қорғау сияқты бірқатар сала, біздің пікірімізше, ақылға қонымды жеткіліктілік қағидатына әлі де толық жауап бермейді. Ал бұл ұлттық қоғамдық ой-пікірдің Стратегияны қабылдамауына алып келеді. Өйткені Стратегия үкіметтер мен парламенттердің дербес құқығын шектейді», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы қазіргі келісімдерге сәйкес әкімшілік серіктестік, бұзушылар бойынша ақпарат алмасу, траншекаралық сипаттағы қауіптердің алдын алу секілді салаларда құзіретті органдардың арасында белгілі бір байланысу алаңы қалыптасқанын айтты.

Айта кетсек отырыста еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қарастырылуда.


Соңғы жаңалықтар