ЕАЭО елдерінің электрондық темекі нарығында өзгерістер болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпрат – ЕАЭО-да электрондық темекі нарығы реттелетін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта никотинді өнімдерге және никотинді жеткізу жүйелеріне арналған никотинсіз сұйықтықтарға қатысты ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің заңнамалары шеңберінде де міндетті талаптар жоқ.

ЕАЭО-ның барлық кеңістігінде никотині бар өнімдерді реттеуді біріздендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері ЕАЭО шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

«Бүгінде біздің нарықтарымызда ЕАЭО щеңберінде реттелмейтін никотині бар өнімдердің жаңа түрлері көбейіп келеді. Бұл түрлі вейптар, қызатын темекі бұйымдары және тағы басқалар. Қабылданған шешім бірыңғай техникалық регламентті әзірлеуге бастау береді»,-деп түсіндірді Сауда және интеграция вице-министрі Ж. Кушукова.

Құрамында никотині бар өнімге қойылатын осындай талаптардың болуы адам денсаулығы үшін қауіпті ингредиенттері бар өнімдерді, оның ішінде аэрозольында белгіленген шектерден асатын концентрациялардағы зиянды заттары бар және балалардың ашуынан, сондай-ақ ағудан қорғалмаған айналымдағы өнімдерді нарықтан жоюға мүмкіндік береді.

Жалпы, аталған өнімді Бірыңғай тізбеге енгізу никотин жинайтын өнімдерді айналымға шығаруды құқықтық реттеуді қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар