ЕАЭО елдерінде ветеренариялық препараттардың бірыңғай нарығы құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақта ветеренариялық дәрі-дәрмек айналымын реттеу ережелерінің жобасы ЕАЭО-ға мүше елдердің салалық құзырлы орган жетекшілерінің қатысуымен өткен жиында талқыланды. Жиын Еуразиялық экономикалық комиссиясының техникалық реттеу министрі Виктор Назаренконың төрағалығымен өтті. Кездесу нәтижесі ЕАЭО аумағында ветеренариялық перпараттардың бірыңғай нарығын құру керектігін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕЭК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттерге даулы сұрақтар бойынша өзара қайшылықтарды жоюдың сәті түсті. Бұл дегеніміз бірыңғай ұлттандыру ережелері жобасы одақ органдарының алдағы уақытта қарауына енгізіледі деген сөз. Соңғы шешімді ЕЭК кеңесі шығарады.

«Қазір ветеренариялық препараттарды тіркеу, осыдан 10 жыл бұрынғы шешімге сәйкес, біздің одақ елдерінің ұлттық заңнамасына сай жүргізіледі. Тіркеудің мұндай нәтижесі одаққа мүше басқа да елдер арасында өзара мойындалады. Бұл ЕАЭО-ның кедендік аумағында ветеренариялық препараттардың айналымына құқық береді. Дегенмен бұл ережені қолдану барысында одақтың ветеренариялық препараттар нарығына кері әсер ететін бірнеше проблемалы сұрақтар анықталып отыр», - деді Виктор Назаренко.

Оның айтуынша, аталған сала бойынша бірыңғай еуразиялық ереже қабылдау жағдайды айтарлықтай өзгертеді.

Жиын нәтижесінде ЕАЭО-ның құзырлы орган жетекшілері тұжырымдамалық келісімдерге қол жеткізе отырып, оның шарттары комиссия кеңесінің жоба туралы шешіміне сәйкес жуыр уақытта сарапшылармен нақтыланып, келісілетіні айтылды.


Соңғы жаңалықтар