ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда көлемі артты
2022 жылғы 22 қаңтар 03:00

ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда көлемі артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық эконмикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен сыртқы сауда 2021 жылдың қаңтар мен қараша айлары аралығында 34,3% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында сыртқы сауда көлемі 752 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте экспорт 465,9 млрд долларға, импорт 286,1 млрд долларға өскен. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда экспорт 42,5% өссе, импорт 22,8% артқан. 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылдың қаңтар-қарашасында тауарларды ЕАЭО-тан тыс экспорттау көлемі Беларусь елінен 50,3%, Ресейден 45,4%, Қазақстанна 23%, Армениядан 16,3%-ке өскен»,-делінген ЕЭК хабарламасында.

ЕАЭО-тан тауар тасымалдаушылардың басым бөлігін Еуропалық Одақ елдері (олардың экспорттық тасымалының үлесі 42,2%), Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығына мүше елдер (28,6%) құрап отыр. Одаққа экспорттаушылардың көшін Қытай мен Германия бастап тұр.



Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT