ЕАЭО елдері жасыл экономика саласында тәжірибе алмасуы керек – Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО елдерін жасыл экономика саласында тәжірибе алмасуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір бүкіл әлем жасыл экономикамен айналысып жатыр. Бізге де жел және жылу электр стансалар құру жөніндегі тәжірибелерді бөлісу керек. Өзара кедергілерді жою бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, өзімізге алған міндеттемелерді орындауымыз қажет. Біздің одақтың әлеуеті жоғары екеніне сенімдімін. Оны өзге елдердің одақ жұмысына деген қызығушылығы дәлелдеп отыр», - деді Тұңғыш Президент.


Соңғы жаңалықтар