ЕАЭО елдері зейнетақымен қамсыздандыру келісімі бойынша позицияларын жақындастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім жобасы бойынша позицияларын жақындастырды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінен мəлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.
«Жұмысшыларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім Еуразиялық интеграция қауымдастығының негізгі бостандықтарының бірі - ЕАЭО елдерінің кез келгенінде жұмыс істеген кезде зейнетақымен қамтамасыз ету құқығын алу және жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондықтан оны мерзімінен бұрын қабылдау - комиссия мен одаққа мүше мемлекеттер жұмыстарының басым бағыттары», - деп атап өтті отырыста Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов.
Консультативтік комитет отырысында шарт жобасын жүзеге асыру тетіктері қаралды.
«Жобаны талқылау нәтижесі бойынша, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт күшіне енген күннен бастап оны іске қосу қажеттілігін ескере отырып, осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Фото: belta.by
- Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 13,5% азайды
- Зейнетақы реформасы: БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
- Рахым Ошақбаев: Зейнетақы жинағына қатысты реформаның нәтижесін көретін уақыт келді
- Президент зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты
-
Бағдат Мусин eGov Mobile арқылы зейнетақы жинағын қалай бақылауға болатынын көрсетті
-
Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жаңа қызметті іске қосты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам