ЕАЭО елдері заңсыз табыспен күрес саласында ақпарат алмасуға келісті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Мемлекет басшылары қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастырумен (ақшаның жылыстауы), сондай-ақ ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша мен қаржы құралдарын тасылдау кезінде терроризмді қаржыландырумен күрес саласында ақпарат алмасы туралы Келісімге қол қойды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлайды.

«Мемлекеттер қолма-қол ақша мен ақша құралдарының жылжуы туралы мәліметтер базасына жауапты болатын органды белгілейді. Өзге мүше-мемлекеттің құзырлы, құқық қорғау және кедендік органдарының сұрауы бойынша құзырлы орган ақпарат ұсынатын болады. Бұл – құпия ақпарат болып табылады және құзырлы органның жазбаша келісімінсіз өзге мақсаттарда пайдалануға жатпайды. Онымен қоса, ақпаратты алған органдар оны қорғау бойынша шараларды қабылдауы тиіс», - деді

брифинг барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина.

Сондай-ақ И.Малкина мәлім еткендей, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес мұнай саласында Одақ елдерінің заңнамаларын үйлестіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.

«Атап айтқанда, Жол картасы мұнай және мұнай өнімдерін саудалауда нарықтық тетіктерді қамтамасыз ету шеңберінде заңнамаларды үйлестіруді, сонымен қатар бұл өнімдерді тасымалдау қызметіне қатысты ортақ принциптер мен бағаны түзу әдістерін қолдануды қарастырады», - деді ол.

Онымен бір мезгілде, ЕАЭО Мемлекеттер басшылары Одақ ішінде арнайы қорғау, антидемпингілік және компенсациялық шараларды қолдану тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылаған.


Соңғы жаңалықтар