ЕАЭО аясындағы өзара саудада теңгенің үлесі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара саудада теңгенің үлесі қандай? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЕАЭО аясында кәсіпкерлер өзара есеп айырысар кезде қандай валютаны таңдауы керектігі жөнінде шектеу немесе арнайы реттеу формасы жоқ. Қандай валютада есеп айырысу жөн екенін кәсіпкердің өздері шешеді», - деді Жанель Күшікова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша теңгемен сауда жасайтын кәсіпкерлердің саны өте аз.

«Әлбетте Ресей Федерациясымен сауда қарым-қатынасы баяғыдан келе жатыр. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі өте үлкен. Кәсіпкерлер көбінесе ұлттық валютада есеп айырысқанды жөн көреді. ЕАЭО аясында есеп айырысудың шамамен 76-77 пайыздық мөлшері ұлттық валютамен жүргізіледі. Ресей Федерациясы деген ауқымды нарық екенін ескерсек, бұл есеп айырысудың орасан зор үлесі ресейлік рубльге тиесілі екенін түсінеміз. Ал теңгенің үлесі бұл тұрғыда шамамен 1,5 пайызды құрайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар