+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ЕАЭО аумағында көлеңкелі тауар айналымы көбейді – Қаржы министрлігі

2021 жылғы 18 мамыр 17:02
Бөлісіңіз:
ЕАЭО аумағында көлеңкелі тауар айналымы көбейді – Қаржы министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кейбір жеңілдетілген режим салдарынан көлеңкелі тауар айналымы көбейгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің ЕАЭО елдерімен шекарадағы жұмысымызды мониторингтеу нәтижесі кедендік бақылаудың күшін жою және одақ шеңберінде тауарлардың еркін қозғалысы режимі реттелмейтін саудаға және көлеңкелі тауар айналымының ұлғаюына әкеп соққанын көрсетті», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, салық төлеуден жалтарудың: жалған транзит, Қазақстан Республикасының жалған резиденттерінің атына тауар-көлік жүкқұжаттарын рәсімдеу, тауар-көлік жүкқұжаттарындағы мәліметтерді дұрыс бермеу және тағы басқа схемалары анықталған.

«Осы проблеманы реттеу үшін біз ЕАЭО елдерімен бірлесіп, тауарға ілеспе құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығын бақылау және үшінші елдерден әкелінген өзара саудадағы тауарлар бойынша баға индикаторлары дерекқорын қалыптастыру тетігін әзірлеуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы, интеграцияны дамыту жұмыстары қазір де жүріп жатыр. Еуразиялық экономикалық одақ стратегиясы жоспарланған мерзімде кезең-кезеңімен іске асырылады. Осылайша, біздің кәсіпкерлерге сыртқы экономикалық қызметті жүргізу, тауарларымыздың бәсекеге қабілетін қамтамасыз ету және өткізу нарықтарын табу үшін жағдай жасау – бірыңғай нарықтарды қалыптастыруда мемлекет үшін басымдық болып саналады», - деді Марат Сұлтанғазиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT