ЕАЭО аумағына басқа елдерден кірген көліктер неге Қазақстаннан шығарылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Саудалық емес айналымдар басқармасының бас сарапшысы Нұрлан Намысов ЕАЭО аумағына басқа елдерден кірген көліктер неге Қазақстаннан шығарылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма сарапшысының айтуынша, ЕАЭО аумағына үшінші елдерден кірген көліктерді шығару мерзімі пандемияға байланысты кейінге шегерілген. Сол шегерілген мерзім аяқталуына байланысты, елімізде аталмыш көліктерге қатысты әкімшілік шаралар қолға алынып жатыр.

«Пандемияға байланысты 2020 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі шықты. Ол шешім бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағына үшінші елдерден (ЕАЭО-ға мүше емес елдер - ред.) 2021 жылға дейін кірген автокөліктердің жүру уақыты биылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын. 30 қыркүйектен кейін олар ел аумағынан шығуға міндеттелген. Осы мерзім бітсе де, ел аумағынан шығарылмаған көліктерге тиісті әкімшілік шаралар жүргізуді бастадық. Атап өтсек, Еуразиялық экономикалық кодекстің 268-бабының 2-тармағының 5-тармақшасы бойынша сыртқа шығаруға 6 ай беріледі. Сол мерзім ішінде шығарылмаса Қазақстан заңнамасы бойынша ұсталып, барлық алым-салықтарын төлетіп, кедендік тазартудан өтуге міндеттеледі», - деді Нұрлан Намысов.


Соңғы жаңалықтар