ЕАЭО алқасының төрағасы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерін Наурыз мерекесімен құттықтады
«Бұл ежелгі тамаша көктем мерекесі – Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтары мәдениетінің бай, тарихи мұрасының маңызды, ажырамас бөлігі. Табиғаттың көктемгі жаңару күні елдеріңіздің игілігі үшін жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруға серпін берсін», - делінген құттықтау хатында.
Михаил Мясникович мемлекет басшыларына мықты денсаулық пен жақсылық, ал Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
«Наурыз» парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді, 21 наурызда атап өтіледі. Бұл иран және түркі халықтарының астрономиялық күн күнтізбесі бойынша көктемнің келу мерекесі. Наурыз – ұлттық дәстүр.
2009 жылғы 30 қыркүйекте Наурыз ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді. Осы уақыттан бастап 21 наурыз Халықаралық Наурыз мерекесі болып жарияланды.
Сондай-ақ Михаил Мясникович Дмитрий Мезенцевті Одақтас мемлекеттің мемлекеттік хатшысы болып тағайындалуымен құттықтады.