Дзюдодан Еуропа кубогі: Қазақстан қоржынында алғашқы медаль

None
None
ОБЕРВАРТ. ҚазАқпарат - Австрияның Оберварт қаласында дзюдодан ерлер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Қанат Сейілхан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жарыста 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуінде жеңіске жетті.

Жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген Қанатты ресейлік Иван Долгих тоқтатты.

Жұбаныш финалында күресуге мүмкіндік алған ол Бразилия спортшысы Эрик Такабатакені иппонмен жеңіп, кіші финалға жолдама алды.

Ал қола жүлде үшін белдесуде Сумябазар Энхтайванды (Моңғолия) вазаримен жеңді.


Соңғы жаңалықтар