Джермалл Чарло: Мен Головкиннен қорықпаймын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Джермалл Чарло (24-0, 18 КО) Boxingscene.com-ға берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті, деп хабарлады Sports.kz.

- Мен кездесуге дайынмын. Мен мықты, түрлі әдістерді қолданатын техникалық боксшылармен де айқастым. Барлығы басшылық пен менің командама сүйенеді - бәрі уақыт еншісінде. Бұл менің жекпе-жектен қашты деген сөзім емес. Мен 160 фунтқа да дайынмын деп ойлаймын. Бұл мені тағы бір саты жоғары өсуіме мүмкіндік береді, - деді Чарло. 

Соңғы жаңалықтар