Джеки Чан қазақстандықтарға қолдау білдірді: Мықты бол, Қазақстан!

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйгілі актер Джеки Чан қазақстандықтарға видеожолдау жолдап, коронавирусқа қарсы күресте қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Актердың видеожолдауын өзінің instagram парақшасында Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин жариялады .


«Менің есімім – Джеки Чан. Апаттар әдетте қатігез. Бірақ адамдардың жүрегінің алдындағы махабаттың алдында олар да дәрменсіз. Біз міндетті түрде бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Сонда ғана вирусқа қарсы күресте жеңіп шығамыз. Мықты бол, Қытай! Мықты бол, Қазақстан! Біз біргеміз!», - дейді Джеки Чан.

Айта кетсек осыдан біршама уақыт бұрын бірқатар БАҚ-та актер коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Соның ішінде шетелдік тілшілер Джеки Чанның Гонконгтегі кешінен кейін карантинге жатқызылғанын жазған еді. Алайда актер бұл ақпаратты жоққа шығарды.



Соңғы жаңалықтар