Дж.Букиккио: Қазақстандағы конституционалдық өзгерістер дамуға үлкен септігін тигізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы жүзеге асқан конституционалдық өзгерістер елдің дамуына үлкен септігін тигізді. Бұл пікірді Еуропа Кеңесі Венециан комиссиясының президенті Джанни Букиккио халықаралық конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ ССР Президенті лауазымын белгілеу туралы Заңы қабылданды. Бұл өз кезегінде ұлттық мекемелерді құруда маңызды қадам болды», - деді Д. Букиккио Қазақстанда президенттік институттың енгізілгеніне 30 жыл толуына орай онлайн режимдегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

«Венециан комиссиясында біз тиісті талдау жүргіздік. Біраз жылдан бері Венециан комиссиясы көптеген елдерге қолдау көрсетуде, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл тұрғыда конституционалдық реформалар жүргізуде тиісті қолдаулар жасалды. Конституция бастапқыдан дұрыс жазылып, теңгерімді болғанымен, көп жағдайда сол Конституцияның ережелері қалай орындалып жатқаны өзекті болады», - деп тоқталды аталған комиссиясының президенті.

Джанни Букиккио тәжірибелік қадамдарға тоқтала келе, Конституцияға түзетулер енгізуде қажеттіліктер болатынын атап өтті.

«Неліктен демократиялық елдер конституционалдық реформаларды жүргізеді? Бұл қадамдар атқарушы, заңнамалық әрі сот секілді билік тармақтары арасында теңгерімге қол жеткізу үшін, сондай-ақ алдағы сын-қатерді еңсеруге әрі азаматтардың заңды талабын қанағаттандыру үшін іске асырылады... 2017 жылда Қазақстанда конституционалдық реформаларды жүргізу кезіндегі негізгі мақсат – ол билікті бөлудің қолданыстағы жүйесін жақсарту. Венециан комиссиясы осындай конституционалдық өзгеріс алға ілгерілеудегі үлкен қадам болады деп санайды», - деді Джанни Букиккио.


Соңғы жаңалықтар