Дүйсенбіде елдің басым бөлігінде найзағай, жаңбыр күтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен 27 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Күндіз Алматы облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өте қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Алматы, Абай облыстарының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар