Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Душанбе қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында шараның басталу рәсімінен видео жариялады.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге барды.

Президент 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Қазақстан Президентінің Тәжікстанға жұмыс сапары осы елдің басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуден басталды.

Президент Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында өзекті жаһандық мәселелерді талқылау аса маңызды екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар