Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қыршың шатқалында ине шаншар жер жоқ

None
None
    ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Бүгін Ыстық көлдің жағасында III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде ашылады. 

Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі Шолпан-Ата қаласының ипподромында ұйымдастырылады. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан мен Өзбекстан президенттері қатысады деген жоспар бар. Ал жарыстардың басым бөлігі Кыршың (қырғызша - Кырчын) шатқалында өтеді. ҚазАқпарат тілшісі сол жердегі этноауылға барып, Көшпенділер Олимпиадасына дайындық шараларын көріп қайтты.

Шыны керек, осы жолғы ойындардың ауқымы кең. Киіз үйлердің санында шек жоқ. Біз бір қырда тұрып, 250 киіз үйді санап шықтық. Ал сай-саланың арасында қалып қойғаны қаншама. Қырғызстанның әрбір облысы бір-бір қалашықты ашып қойған.
null 

 null

null   

Үлкен саxнаға жақын жерде Қазақстанның да киіз үйі бар. Ішін безендіріп, төрге Елбасының әскери киім киген портретін іліп қойды. Ал ортада алқа-қотан отыратын үлкен үстел тұр. Бірақ қазақи емес, кәдімгідей мәжілістер кезінде қойылатын үстел. Бұл киіз үйге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас сұғуы әбден мүмкін. Киіз үйдің дәл жанына Мемлекеттік Туымызды орнатты. Ал тағы бір шағын киіз үй қызмет көрсетушілерге арналған.

null null null 

Ал Америка Құрама Штаттары үндістердің вигвамын алып келді. Бұрын ондай шатырларда Солтүстік Американың үндістері тұрған. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ковбойлар келді. Олар көкпарға қатысады.

null null 

Қатысушылардың ішінде Кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктері бар. Аталған мемлекеттер де өз шатырларын тігіп қойды. Жартылай ашық шатырларлың ішінде жатып алып, жарыстарды көруге болады. Біріккен Араб Әмірліктері ителгі мен сұңқармен аң аулауға жақын орналасып алды.

null null 

Салбурун федерациясының мүшесі Нұрлан Молдақұловтың айтуынша, осы жолғы ойындар кезінде ителгімен аң аулау жарысына 24 мемлекет, ал бүркіттер жарысына 29 мемлекеттің өкілі қатысады.

«Мен өзім судья боламын. Білуімше, ителгімен Ресейден, Қазақстаннан, Өзбекстан мен Моңғолиядан мықты жігіттер келеді. Сосын арабтар бар. Енді, біздің басты қарсыластарымыз қазақтар ғой», - деді Н.Молдақұлов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

null null 

Ережеге сәйкес, ителгі жарысы кезінде бір адам аңның муляжын бір жерде тұрып айналдырады. Ителгі үш минуттың ішінде қанша шабуыл жасайды, сонша ұпай саны есептеледі. Ал бүркіттер жарысында муляжды 250 метрге сүйреп өтеді. Қолдан ұшып барған бүркіт муляжға неғұрлым жылдам жетсе, соғұрлым көп ұпай беріледі. Тазылар жарысы да солай. Бірақ жарыс жолының ұзындығы - 300 метр. Бұл додаға 33 мемлекеттің өкілі қатысады.

null null 

Этноауылдың қақ ортасында үлкен саxна орнатқан. Ол жерде театрланған қойылым көрсетіледі. Оған танымал әртістер, әншілер мен каскадерлер қатысады.

null null null 

Жүздеген киіз үйлердің арасында қолөнер жәрмеңкесін де ашқан. Ол жерде киім-кешек, музыка аспаптары, ыдыс-аяқ және тағы басқа қолөнер бұйымдарын сатып алуға болады.

null null null 

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған, Әзірбайжан президенті Ильxам Әлиев, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан және тағы басқа жоғары мәртебелі қонақтар қатысады. Олар Қыршың шатқалына да барады деген жоспар бар.

null null 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас кезінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тек Қырғызстан жерінде ғана өткізіледі деген шешім болған. Алайда қазіргі кезде оның эстафетасын басқа мемлекетке беру мәселесі пысықталып жатыр. Басты үмтікер - Түркия.

null null 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде Қыршың шатқалына алкоголь өнімдерін әкелуге тыйым салынды.

«Милиционерлер әрбір көлікті тексеретін болады. Қонақтар түсіністікпен қарайды деп сенемін. Көшпенділер ойындарын қауіпсіз әрі жоғары деңгейде өткізуге бәріміз бір адамдай атсалысуымыз қажет», - дейді Ыстық көл ауданының әкімі Данияр Иманәлиев.

null null 

Айтпақшы, Қыршың шатқалы Шолпан-Атадан 40 шақырым шалғай жерде орналасқан. Оған жету үшін Ыстық көлдің бойымен біраз жүру керек. Одан кейін тауға қарай бұрылып, ирелең жолмен жоғары қарай көтерілесің. Этноауылдың өзіне көлікпен кіруге рұқсат жоқ. Автомобильді тастап, біраз жаяу жүру керек.

null null 

Биылғы ойындар 37 ұлттық спорт түрлері бойынша өтеді. Соның ішінде күрес, садақ ату, итпен аң аулау, ат жарыс, көкпар, асық ату және тағы басқа жарыстар бар. Ойындарға әлемнің 60-тан астам елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Қырғызстан ең үлкен команданы шығарып отыр. Спортшылардың саны - 458 адам. Одан кейін Ресей тұр. Қазақстан 129 спортшыны әкелді. Осыдан екі жыл бұрын өткен ойындарда қазақстандық командада 75 спортшы болған. Екі жыл бұрын Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінсе де, көкпаршыларымыз қырғыз командасынан оңбай ұтылды. Осы жолы қазақтың жігіттері есесін қайтаруды көздейді.
 

Қатысушы мемлекеттердің ішінде Ауғанстан, Болгария, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия, Қытай, Пәкістан, Польша, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, АҚШ, Украина, Франция, Шри-Ланка, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және тағы басқалар бар. Олардың барлығы 594 медаль үшін таласады. Соның ішінде 174 алтын, 173 күміс және 247 қола бар. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының сыйақы қоры 26 миллион сомды құрап отыр. Бұл қазіргі курспен 136,5 миллион теңге немесе 381,3 мың долларды құрайды.

Биыл ойын бағдарламасына «Көшпенділердің ұлы күресі» деп аталатын жарыс түрі енгізіліп отыр. Сонымен қатар, «Көшпенділер ойындары жеңімпаздарының кітабы» да әзірленген екен. «Көшпенділердің ұлы күресінде» тек бір жеңімпаз ғана болады, екінші, үшінші орындар қарастырылмаған. «Ұлы күреске» ойын бағдарламасына енген 13 ұлттық күрес түрінен абсолютты чемпион атанған балуандар қатысады. Жеңімпаздың есімі «Жеңімпаздар кітабына» жазылмақ. Сонымен қатар, ол кітапқа «Ұлы балуанмен» қатар, «Ұлы мерген», «Ұлы көкпаршы және көкпардың ұлы тұлпары» да енгізіледі.
null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар