Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақ спортшыларына қандай жағдай жасалған

None
None
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген Қазақстан құрамасын бірнеше пансионатқа бөліп жатқызды. Ат спорты бойынша өнер көрсететін спортшылар бірге тұрады. Олар - аударыспаққа қатысатын жігіттер және көкпаршылар. ҚазАқпарат тілшісі олардың жағдайымен танысып, күнделікті ас мәзірін біліп қайтты. 

Ат спортының шеберлерін «Көгілдір Ыстық көл» деген шипажайға орналастырды. 3-ші корпус Кеңес заманынан қалған нысан болса да, іші таза әрі жарық. Әрбір бөлменің ауданы 6-7 шаршы метрден аспайды. Бөлмеде 2-3 кереует, үстел және киім ілетін шкаф бар. Шипажайда Қазақстан құрамасының қарсыластары - Қырғыстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Алтай және тағы басқа спортшылар да жатыр.

null null
Аударыспақтан үш дүркін Азия чемпионы Біржан Қосалиевтің айтуынша, Шипажайдың тамағы жақсы, бірақ аздау болып тұр.

«Санаторийде солай ғой. Тамақты көп бермейді. Енді, бұйырғаны болып жатыр. Аш емеспіз (күлді). Бірақ тоймаймыз», - Біржан Қосалиев.
null

Біржан Қосалиев аударыспақтан +90 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді. 2016 жылы өткен II Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ол алтыннан алқа таққан болатын. Сол кезде біз 90 келіге дейін де бірінші орынды алған едік. 70-те де алтын медаль бұйырып тұрған. Бірақ төрешілер бермеді. Ол салмақта Ерназар Байғонов өнер көрсетеді.

«Құдай қаласа, осы жолы бірінші орын алу керек. Елге абыроймен ораламыз деп үміттенемін. Өзім қазір салмақ қуып жүрмін. Таңтертең тамақ ішіп жүрген жоқпын. Жаттығу жасаймын. Түсте жеміс-жидек жеймін. Салмақты сәл азайту қажет», - дейді Е.Байғонов.

null null
Осы жолғы ойындарда аударыспақтың салмақ дәрежелері беске артып отыр. Атап айтқанда, 60 келі - Азамат Серғазин, 70 келі - Ерназар Байғонов, 80 келі - Арман Сағымбаев, 90 келі - Сырым Ізбасаров және +90 келі - Біржан Қосалиев. Аударыспақ бойынша барлық жарыстар Шолпан-Атаның ипподромында өтеді.

null null
Аға жаттықтырушы Жанбатыр Бекмұсаевтың айтуынша, аударыспақтың аттары Қазақстаннан жеткізіледі.

«Біз таңғы сағат 7.00-де тұрамыз. Сосын жаттығу жасаймыз. Палуандар жүгіріп келеді. Сосын жуынады да, таңғы астарын ішеді. 11:00-ге дейін демалыс. Одан кейін қайтадан жаттығуға кірісеміз. Қазір аттарымызды күтіп отырмыз. Бүгін-ертең атпен дайындықты бастаймыз. Негізгі жарыстар 5-7 қыркүйек күндері өтеді», - деді Ж.Бекмұсаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Аударыспақтың аттары Қазақстаннан жеткізілсе, көкпар мен жамбы атудың аттарын Қырғызстан береді. Құрамамен бірге келген мамандар аттарды қарайды. Спортшылар да аттарды таңдай алады.
null null
Қазақтың спортшылары басқа корпуста орналасқан асxанада тамақтанады. Бүгін түскі асқа қияр, қызылша мен қырыққабат аралас салат, нан, сорпа мен көкөніс қосылған ет берді. Десертке - қарбыз бен қауын.
null null
Айта кетейік, бүгін кешқұрым Шолпан-Атаның ипподромында III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде ашылады.

Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады. Бүгін түсте Мемлекет басшысының ұшағы Шолпан-Атаның әуежайына қонды.
null null null null 

Соңғы жаңалықтар