Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігі Азаматтық қоғамды әлеуметтік дамыту қорының гранттарына байқау жариялайды

None
None
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігі еліміздегі үкіметтік емес ұйымдары үшін жалпы сомасы 45 мың долларды құрайтын Азаматтық қоғамды әлеуметтік дамыту қорының гранттарын алуға байқау жариялайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған грантты алу үшін кез келген үкіметтік, коммерциялық емес ұйымдар өтініш бере алады. Грант көлемі бір ұйым үшін 5 мың доллардан аспайды. Өтініштерді қабылдау Дүниежүзілік банктің Астана және Алматы қалаларындағы өкілдіктерінде ағымдағы жылғы сәуірдің 2-іне дейін жалғасады.

Қор ақпараттарды және білімді таратуға және сұхбатты дамытуға бағытталған іс-шараларды, сондай-ақ даму үрдісіне қатысушылармен әріптестікті нығайтуды қаржыландырады. 2010 жылы қор азаматтардың әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешуге қатысуын кеңейту бағытындағы жобаларға қолдау көрсетеді.

Осыған орай аталған банк ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Қордың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру үшін байқаудың әлеуетті қатысушыларына бірқатар семинар өткізуді жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар