+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жемқорлықты бақылау көрсеткішінің жақсарғанын атап өтті

2020 жылғы 28 қыркүйек 16:11
Бөлісіңіз:
Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жемқорлықты бақылау көрсеткішінің жақсарғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк екінші жыл қатарынан Қазақстандағы жемқорлықты бақылау көрсеткішінің айтарлықтай жақсарғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде мемқызметкер карантин талаптарын бұзған дүкен иелерінен пара алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25 қыркүйекте Дүниежүзілік банк «Мемлекеттік басқару индикаторлары» (the Worldwide Governance Indicators, WGI) жыл сайынғы зерттеуін жариялады. Оның аясында әлемнің 214 елінде оның сапасы мен тиімділігі бағаланады.

«Қазақстан екінші жыл қатарынан «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы (СБИ) бойынша қарқынды өсімді көрсетіп отыр. Ағымдағы индексте еліміз пайыздық дәрежені 36-дан 43,8%-ға дейін жақсартты. Екі жылда екі есеге (19,7%-дан бастап) артты.
Осылайша, қазіргі серпілістің арқасында Қазақстан индекстің төменгі үшінші бөлігінен оның ортасына едәуір жақындады. Бұл көп жағдайда елдегі жемқорлық деңгейін төмендету, ең алдымен алдын алу және ағарту, сонымен қоса, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан жүйелі әрі кешенді шараларға байланысты», делінген агенттіктің Telegram-дағы парақшасында.
Деректер 12 дереккөз негізінде есептелді, олардың ішінде Bertelsmann Stiftung, Freedom House, Economist Intelligence Unit, PRS Group, World Justice Project, IHS Markit, IMD, World Economic Forum, V-Dem, Gallup Organization және т. б. компаниялардың зерттеу нәтижелері бар.
Зрттеулері негізінде СБИ құрылатын ұйымдардың көпшілігі Қазақстанның соңғы жылдағы жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін оң бағалады. Мысалы, PRS Group желісі бойынша Қазақстанда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіші 1,5 есе өсті, IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан ұқсас индикатор бойынша өзі үшін рекордтық 27-орынға ие болды, World Justice Project және Gallup Organization рейтингілерінде айтарлықтай прогреске қол жетті.
«ТМД елдері арасында Қазақстан тек Беларусь (53,8) пен Арменияға (50) ғана жол бере отыра, Молдова (29,8), Украина (26,4), Ресей (21,6), Әзірбайжан (19,7), Қырғызстан (17,3), Өзбекстан (14,4), Тәжікстан (9,1) мен Түрікменстан (3,8) елдеріне қарағанда айтарлықтай жоғары орналасқан.
Қытай (43,3), Бразилия (42,3), Тайланд (39,4), Индонезия (38), Моңғолия (37,5), Египет (27,9) және бұрын Транспаренси Интернешнл (СҚИ) сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде біршама жоғары позицияға ие болған басқа да мемлекеттер біздің елден төменірек орналасқан», делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлықты бақылау жөніндегі шаралар тиімділігі жағынан сөзсіз әлемдік көшбасшысына келетін болсақ, рейтингіні 100% көрсеткішпен Жаңа Зеландия бастап тұр. Бұдан басқа, көшбасшы ондығына Сингапур, Финляндия, Швеция, Люксембург, Дания, Норвегия, Нидерланды, Швейцария және Лихтенштейн кіреді.
Дүниежүзілік банктің әСыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы – зерттелетін елдерде іске асырылып жатқан жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін бағалауға бағдарланған әлемдегі жемқорлықты өлшеудің біріктірілген беделді көрсеткіші.

WGI алты индексті қамтиды: «Сыбайлас жемқорлықты бақылау», «Үкіметтің тиімділігі», «Заңның үстемдігі», «Реттеуші ортаның сапасы», «Саяси тұрақтылық» және «Мемлекеттің есептілігі».
Барлық көрсетілген бағыттарды жинақтайтын бірыңғай жиынтық рейтинг жоқ. Әр бағыт жеке бағаланады. Нәтижелерді көрсетудің бір тәсілі – пайыздық дәреже шкаласы. Бұл төмен көрсеткіштері бар елдердің пайызын анықтау арқылы өзге мемлекеттер арасындағы жекелеген мемлекеттің жағдайын көрсетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT