Дубай мен Шарм-эль-Шейх-тен келген Қазақстанның екі азаматынан коронавирус табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 22 қаңтарында ҚР аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

1 944 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 604 адам, анықтамасыз 340 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 596; анықтамасыз - 72;

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 865, анықтамасыз - 219;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 46 жолаушы анықтамамен келді;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 97, анықтамасыз - 49.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 21 қаңтарында анықтамасыз келген 417 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, екінші жолаушы Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген.


Соңғы жаңалықтар