Дубай Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады

None
None
ДУБАЙ. ҚазАқпарат - Дубай Эмираты қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен ерекше құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16 желтоқсан күні әлемдегі ең биік ғимарат – Дубай қаласындағы Бурж Халифа Қазақстан Туының түсіне боянды. Әмірлік Тараптың осы бастамасы өзара түсіністік, құрмет және сенім рухында дамып келе жатқан екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін тағы да дәлелдейді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.

Видео авторы Бақытжан Байбатшаев
Соңғы жаңалықтар