«Дубай – Алматы» рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

1 915 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестісі бар (сау екені көрсетілген) 1 713 адам, анықтамасыз 202 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен - 1 319, анықтамасыз - 160;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 198; анықтамасыз - 1;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 196; анықтамасыз - 41.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Айта кетейік, 18 қаңтарда анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша «Дубай – Алматы» рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.


Соңғы жаңалықтар