ДСҰ министрлер конференциясы 2020 жылы Астанада өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысында ұйымға мүше елдер 2020 жылдың жазында 12-ші ДСҰ министрлерінің конференциясын Астанада өткізу туралы шешімді бір ауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім - ДСҰ-ға мүше елдердің Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіп жатқан экономикалық реформалары мен либералдық сауда саясатына сенім білдіргендігі.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Жанар Айтжанова, жақында ДСҰ-ға қосылған жас тәуелсіз мемлекет үшін мұндай маңызды кездесуді өткізу үлкен мәртебе екенін атап өтті. Қазақстан министрлер конференциясының маңызды нәтижелерін қамтамасыз ету мақсатында ДСҰ күн тәртібіндегі барлық шешілмеген мәселелер бойынша пікірталасқа сындарлы түрде үлес қосуға дайын екенін айтты.

ДСҰ Бас директоры Роберту Азеведу Қазақстан Президентіне және Үкіметіне министрлер конференциясын өткізуге ықылас білдіргені үшін ризашылығын білдіріп, бұл қадам елдің көпжақты сауда жүйесінің құндылықтары мен қағидаттарын ұстанатындығын растайтынын атап өтті.

Министрлер конференциясы - ДСҰ-ның жоғары басқарушы органы, ол екі жылда бір рет өтеді. Уәкілетті органның өкілеттіктері көпжақты сауда келісімдері шеңберінде барлық мәселелер бойынша, соның ішінде халықаралық сауданы реттейтін жаңа пәндерді бекіту туралы шешім қабылдау құқығына ие.

ДСҰ министрлік конференциясының ең маңызды нәтижесі - саудаға жәрдемдесу туралы келісім және ауыл шаруашылығы өнімдеріне экспорттық субсидия беруге тыйым салу.

Қазіргі таңда балық шаруашылығын субсидиялауды реттейтін жаңа тәртіпті үйлестіру - перспективалық келіссөз жүргізу бағыты болып табылады. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенде субсидияларды одан әрі төмендету, қызметтер секторындағы сауданы ырықтандыру және электрондық коммерцияны реттеу сияқты мәселелер бойынша белсенді көпжақты талқылаулар бар.

ДСҰ 12-ші Министрлік конференциясының жұмысына 164 мүше-елдердің сауда министрлері мен 20 ДСҰ бақылаушылары қатысады деп күтілуде, ал іс-шараға қатысушылардың жалпы саны төрт мыңнан асады.

 

 

Соңғы жаңалықтар