ДСМ: Коронавируспен ауырған 423 адамның жағдайы нашар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір елімізде 23 281 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдауды жалғастыруда.

«Олардың арасында 100 бала бар. Стационарларда 4 151 науқас жатыр. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 423 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар