«Достық» станциясынан Қытайға жүк экспорттауға тыйым алынып тасталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 15 наурыздан бастап «Достық» станциясы бағытында және одан әрі Қытай аумағына жүктерді экспорттауға тыйым салу мерзімі аяқталады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, ҚХР-мен алдын ала келісілген Тасымалдау жоспары бар жүк жөнелтушілер экспорт мақсатындағы жүктерді тиеуді бастай алады.

Дегенмен, «Достық» станциясы бағытында келесі тасымалдарға тыйым әлі де сақталып отыр: 30 наурызға дейін – транзитті жүктерге, 20 наурызға дейін - жабық вагондарда және астық тасымалдау транспортында барлық астық жүктерін өткізуге.

«Естеріңізге сала кетейік, уақытша шектеулер салалық қауымдастықтар мен жүк жөнелтушілердің өтініші бойынша енгізілген.

Бұл мәселе «Атамекен« ҚР ҰКП, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алаңдарында жүк жөнелтушілермен, экспорттаушылармен талқыланды.

Жүк жөнелтушілер енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарады. Жөнелтушілер тарапынан ешқандай шағымдар болған жоқ. Керісінше, жағдайға түсіністік таңытып, жүкті жеткізу жолын өзгертті», - деді компанияның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар