Дос Көшім: Ауылдық жерлерде ынталы топ құру қажет

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –«ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы керек. Бұл туралы қоғам қайраткері Дос Көшім айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң керек. Себебі, қоғамдық ұйымдардың, азаматтық қоғамның негізгі бағыты ол мониторинг жүргізу, бақылау. Шындығында мемлекеттің қаражаты қайда кетіп жатыр, министрліктер қалай жұмыс істеп жатыр, қандай бағыт бар? Осылардың бәрін бақылап отырады. Сондықтан бұл заң сөзсіз керек»,- дейді Дос Көшім.

Қоғам қайраткерінің пікірінше, ауылдық жерлерде ынталы топ құру керек.

«Мысалы, кейбір ауылдарда қоғамдық ұйым жоқ. Онда болып жатқан жемқорлық сияқты басқа да мәселелерді қалай бақылайды. Мүмкін жергілікті мәслихатпен біріге отырып, ынталы топ бақылау керек шығар. Мысалы он шақты адамнан тұратын ынталы топ құру қажет» - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады.

Сондай-ақ министр кездесу кезінде онлайн петиция бірыңғай институтын қалыптастыруға бағытталған өзгерістер туралы заң жобасының негізгі бағыттарын атады.



Соңғы жаңалықтар