Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік «Кировецпен» тең ойнады

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Уфада «Кировецпен» екінші ойынында тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдықтар бұл кездесуде бірінші болып есеп ашты.

Бұрыштамадан берілген доптан кейін ресейлік легионер Сергей Башаев өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Екінші таймда Алексей Севрюков пен Павел Дадановтың голдарынан соң айдын иелері алға шықты – 2:1. Дегенмен «Ақжайық» құрамындағы тағы бір ресейлік Максим Пахомов таразы басын теңестіре алды – 2:2.

Оралдықтар екінші топта төрт ұпаймен алтыншы орында келеді.

Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі кездесулерін 24-25 желтоқсанда өз айдынында «Динамо-Қазан-2» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Уфада «Кировец» клубына есе жібергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар