+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Допты хоккей: «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

2019 жылғы 8 желтоқсан 22:35
Бөлісіңіз:
Допты хоккей: «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден бүкілресейлік жарыста (жоғары лига) өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар кезекті кездесулерін Первоуральскіде Свердлов облысының ««СКСО «СКА-Свердловск» командасымен өткізді.

Бірінші бәсекеде айдын иелері қонақтарды 3:2 есебімен ұтты. Мұнда «Ақжайық» сапындағы ресейлік легионер Максим Пахомов қос голдың авторы атанды.

Екінші ойында батысқазақстандықтар 4:2 есебімен есе қайырды. Бұл жолы Андрей Гущин қарсыластар қақпасына екі доп енгізсе, тағы бір ресейлік Артем Лапшин мен М.Пахомов бір-бір голдан соқты.

Осылайша бастапқы үш ұпайына қол жеткізген «Ақжайық» екінші топта бесінші орында келеді.

Оралдықтар келесі матчтарын 10-11 желтоқсанда Краснотурьинскіде «Маяк» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Никельщиктен» ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT