Дональд Трамптың рейтингі ең төменгі деңгейге құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы 70 жыл ішіндегі ең танымал емес мемлекет басшысы болды. Бұл туралы ABC News пен The Washington Post-тың бірлесіп жүргізген сауалнамасының мәліметінде айтылады.

Жарты жылда Трамптың мемлекет басқару рейтингі ең төменгі көрсеткішке дейін құлады - қазір оның қызметін респонденттердің 36%-ы ғана қолдайды, 58%-ына қарсы.

Айта кетсек, АҚШ-тың бұрынғы көшбасшылары Барак Обама мен кіші Джордж Буш алты айдың ішінде халықтың 59% қолдауына ие болған еді. 

Соңғы жаңалықтар