Домбыра күні: Семей автобустарында Құрманғазы күйлері күмбірледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде домбыра күні мерекесі қарсаңында ерекше флешмоб өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде Ф. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражай қызметкерлері мен татар өнер мектебінің ұйымдастыруымен Домбыра күніне орай арнайы акция өтті. Шара барысында өнерпаздар қала ішінде қатынайтын автобустаға мініп, Құрманғазының күйлерімен жолаушылардың көңілін көтерген.

«Акция аясында жолаушыларға XVIII -ХХ ғасырдағы күйшілер туралы викториналық сұрақтар қойып, жеңімпаздарға отбасыларымен мұражайға билет табыстадық. Тарихқа көз жүгіртсек, Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский арасында қазақ өнеріне деген ортақ жанашырлық болған. Достоевский атындағы музейдің бұл шараға мұрындық болуы - сол сабақтастықтың жалғасындай», - деді музейдің бөлім меңгерушісі Салтанат Нұрлыбекқызы.

Жастардың игі бастамасын іліп әкетіп, қолға домбыра алып, көпшілікке күй орындап берген жандар да табылды.

«Бүгін, міне, автобуста домбыраның үнін өз құлағымызбен есту мәребесіне ие болдық . Осындай шаралар атаулы күндерден басқа кезде де өткізіліп тұрса деген ниеттеміз. Барша ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз»,-дейді қала тұрғыны Назым Келербекова.

Соңғы жаңалықтар