Доллар құны арзандады- КASE

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 326,17 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 2,13 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 325,98 теңге, ал ең жоғарғысы 326,6 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 104,8 млн долларға жетті.

Бейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 328,3 теңге, күндізгі сессияда 327,33 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 327,63 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 279,7 млн долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар