Доллар бірден 8 теңгеге қымбаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,78 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 465, 08 теңге. Ұлттық банктің 29 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 456, 05 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 460 теңге, сатып алу – 465,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 459,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 462 теңге.

Айта кетейік, АҚШ ақшасы 27 маусым күні 4,89 теңгеге арзандап, 1 доллар 456, 05 теңге болған еді.


Соңғы жаңалықтар