Доллар бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10, 73 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 433, 30 теңге.

Ұлттық банктің 27 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 422, 01 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 432,77 теңге, сатып алу – 438,66 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 435,81 теңгеден болса, сатып алу құны – 439 теңге. Айта кетейік, АҚШ ақшасы екі күн қатарынан қымбаттап жатыр.

26 мамыр күні бір доллар 422 теңгеден саудаланды.



Соңғы жаңалықтар