Доллар бағамы екінші күн қатарынан өсіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 29 қараша кешімен салыстырғанда 0,16 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 433,88 теңге болды.

Ұлттық банктің 30 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 433,74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 434,75 теңгеден сатылса, сатып алу – 436, 40 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 434,82 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 436, 12 теңге.


Соңғы жаңалықтар