Доллар бағамы бірден 2,51 теңгеге құлдырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 23 қараша кешімен салыстырғанда 2, 51 теңгеге құлдырап, 1 доллар 429,62 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 432,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,83 теңге, сатып алу – 433,84 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,49 теңгеден болса, сатып алу құны – 433,36 теңге.


Соңғы жаңалықтар